Мың бұралған қыздар табиғатпен үйлесім беретін композициялық қойылым ұсынды

Орталық алаңға жиналған жұртшылыққа шашу шашылып, жеті түрлі дәмнен дайындалған «Наурыз көжені» қыз-келіншектер көрермендерге ұсынды.

Табиғаттың құлпырып, тіршіліктің оянуының белгісі «Жер ана» мен «Көктем аруы» ортаға келіп, «Оян, оян тіршілік, оян! Сүйінші, күн менен түн теңелді. Сүйінші, Наурыз келді. Жаны жарқын жері бай, еліміздің бағына сүйінші!» - деп Самарқанның көк тасын жібітіп келген жаңа жылмен құттықтаса, мың бұралған қыздар табиғатпен үйлесім беретін композициялық қойылымын ұсынды.

Наурыз тойының қадірлі қонағы Қыдыр ата да сахна төрінен орын алып, амал мерекесінен бастау алған гүл көктемде құт берекеміз кетпесін деп батасын берді. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521