Монша қайта жөнделмек

Индербор кентіндегі жалғыз қоғамдық моншаның жыры таусылған емес. Оның іске аспай тұрып қалғанына да біраз болды. Өкінішке орай монша ғимаратының терезелері сынып, шарбақтары қолды болып тозып тұрса, оның іші де оңып тұрмағаны анық.

Осы орайдағы сауалымызды аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясының бөлімі басшысының міндетін атқарушы Шапағат Ғаббасовқа сауал қойғанбыз.

- Моншаның қазіргі күйіне байланысты ешбір кәсіпкердің сенімгерлік басқаруға алғысы жоқ. Сондықтан да ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге құжаттары дайындалу үстінде. Іске қосылуы келесі жылдың ғана жоспарында, - деді ол. 

Ал бұл тұрғындар әзірге әркімнің ауласындағы жеке моншаларды ғана жағалауға мәжбүр.

Саламат Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521