Мереке қарсаңында көрсетілген құрмет

Байланыс және ақпарат құралдары қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай, жылдағы дәстүр бойынша аудандық сот төрағасы Жанат Хабаров ауданның төл басылымы, «Дендер» қоғамдық-саяси газетінің ұжымын қабылдап, сый-құрмет көрсетті.

Алдымен сөз алған сот төрағасы құрмет төріндегі тілшелерді мерекемен құттықтап, аудандағы жасалып жатқан жұмыстар мен игілікті істер арқылы халықты хабардар етіп, сонымен қатар халықтың мұң-мұқтажын, өзекті мәселелерді бұқара жеткізіп келетінін айтып, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

1

Сондай-ақ алдағы уақытта бірлесе жұмыс істеуге шақырып, арнайы алғыс хат табыс етті. Журналистер еңбегінің нәтижесінде халық арасында сот саласының оң имиджінің қалыптасып отырғанын, аталмыш биліктің өзекті мәселелері қалам иелерінің назарынан тыс қалмайтынын, еңбектері өлшеусіз екендігін де атап өтті. Дөңгелек үстел басында бас босқан әріптестер риясыз құрмет пен ыстық ықыласқа, шадыман шаттыққа бөленіп, ақжарма лебізін білдірді.

2

Д.ҚАБИ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT