Мемлекеттік қызметшілер марапатталды

Мемлекеттік қызметшілер күніне орай бір топ азаматтарға тиісті дәрежедегі марапаттар табысталып, еңбектері елену үстінде.

Атап айтқанда аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші маманы Гүлжан Уразалиева, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Анаргүл Дюсебалиева Атырау облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Облыстық мәслихаты депутаттар корпусының Алғыс хаты №5 өрт сөндіру бөлімінің жүргізуші-қызметкері, азаматтық қорғау старшинасы Фархат Мұқановқа, мемлекеттік кірістер басқармасына қарасты салық төлеушілермен жұмыс бөлімінің бас маманы Жазира Ахметке табыс етілді.

Ал аудан әкімінің Алғыс хатымен Елтай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Толғанай Жанмукашева, аудан әкімі аппаратының бас маманы Бектұрған Масатов, Атырау облыстық орман шаруашылығы, жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына қарсты Индер аудандық бөлімінің бас маманы Азамат Абилгалиев марапатталды. Аудандық мәслихаттың Алғыс хаты аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал-актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы Самал Есекеноваға, Көктоғай ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Бибінұр Иманалиеваға берілді.

Зор құрметпен берілген марапат иелерін әрбір мекеменің басшылары өздері табыстап, ел ағаларының атынан құттықтап, алдағы қызметтеріне табыс тіледі.

С.ЕРСАЙЫНҰЛЫ

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз