МЕМЛЕКЕТІМІЗДІ ЖЕТІЛДІРУ ҮШІН ҚАЖЕТ

Аудандық ардагерлер кеңесінде республикалық референдумді өткізуді насихаттауға арналған дөңгелек үстел өтті.

Алдымен аталған кеңестің төрағасы Өтеп Нұриев сөз алып, салмақты саяси қадамның маңызына тоқталды:

- Мемлекет басшысы ҚасымЖомарт Тоқаев 5 мамыр күні кеште республикалық телеарнадан бейнеүндеу жасады. Сол үндеуде Президент Қазақстан халқына жолдауында саяси жаңғыру туралы ауқымды бағдарлама ұсынғанын, оның осы уақыт аралығында қоғамда жан-жақты талқыланғанын, сарапшылар қауымы мен белсенді азаматтар бұған өз пікірлерін білдіріп, қалың көпшіліктің қолдау көрсеткенін айтты. Жолдауда айтылған бастамалардың негізгі мақсаты – саяси жүйемізді түбірімен өзгерту. Өйткені бұл халықтың көп жылғы талап-тілегінен туындап отырған мәселе. Саяси үдерісті түбегейлі демократияландыру, Ата Заңымызға өзгерістер енгізу қажет. Бір сөзбен айтқанда, Конституциялық реформа ауадай қажет. Бұл реформаның ерекшелігі – Президенттің өкілеттігін күшейту емес, мемлекетімізді жетілдіру, жаңғырту және нығайту болып табылатынын қаперлеріңізге беремін,- деген ол референдумға бір кісідей қатысуға шақырды.

Жиынға қатысушы Қабижан Қапиз, Қуанғали Ғабсаламов, Серікқали Жұқиев, Қадіржан Хайырлиев, Серік Қазиев, Бақыт Қарекешова секілді ардагерлеріміз де Мемлекет басшысының бастамасын қолдайтындарын айтып, өз пікірлерін ортаға салды. Ардагерлеріміздің сөзіне қарағанда ең алдымен түсінік жұмыстарын жастардың арасында кеңінен жүргізу керек.

Ол үшін аудандық жастар ресурстық орталығы біраз жұмыстар атқару керек екендігін де сөзге тиек етті. Жиын соңында ардагерлер референдум туралы түсінік жұмыстарын алдымен өз отбасыларынан бастамақшы болып тарқасты. Сонымен қатар дөңгелек үстел барысында тіл мәселесі және де өңірлердегі кейбір пән мұғалімдерінің жетіспеушілігі сөз болды.

Тілектес САЛАУАТҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521