Мекеме қызметкерлері сенбілікке серпін қосты

Мекеме қызметкерлері сенбілікте «Көктем», «Жеңіс» саябақтарына және кент ішілік көшелерін тазалады.

Бұл күні өздеріне бөлінген аумақта барлық мемлекеттік қызметкерлер, ұстаздар мен оқушылар, аурухана, емхана қызметкерлері, барлық кәсіпорындар мен ұйымдардың мамандары сенбілікке серпін қосты. Бір қуантатыны, ауылымыздың гүлденуіне бей-жай қарамайтығын сөзбен емес, іспен дәлелденіп келеді. Әр сенбілік сайын атсалысып жүрген «Көктем» қазақ орта мектебінің директоры Орынша Ділмұқашева сенбілік ауданымыздың сәулеті мен сәнін арттырып, тазалық пен тәртібін түзейтінгін сөз етті.

Ауданымызды абаттандыру – ауылдың абыройы. Сондықтан, алдағы уақытта өз жалғасын табатын игі шарадан шеткері қалмай, оған бір кісідей атсалысасақ, кентіміздің абыройын биіктете түсеріміз анық.

Г.ИГІЛІКОВА.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521