Мейрамхана жағалаған жасөспірімдер жауапқа тартылады

"Жасөспірім.Заң.Қауіпсіздік" тақырыбында М.Сиранов атындағы орта мектепте АІІБ-нің ЖПҚ-нің ЮПТ-ның кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі аға инспекторы , полиция майоры Г.Кубашева мен учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Ғ.Жұмағалиев жасөспірімдер арасындағы тәртіпсіздік, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өткен кездесуге қатысты.

Кездесуге мектеп мұғалімдері, 8-11 сынып оқушылары қатысты. Полиция майоры Г.Кубашева аудан көлемінде жасөспірімдердің қатысуымен жасалатын тәртіпсіздіктер, қылмыстық іс-әрекеттерге тоқталса,Ғ.Жұмағалиев беймезгіл уақытта оқушылардың көше кезіп бос жүруі, кейбір оқушылардың мейрамханаларды жағалап табыс табуы, жүргізуші құжатынсыз көлік жүргізу әрекеттері туралы айтып өтті.

Осындай жағдайларда қолға түскен жасөспірімдерге қолданылатын әкімшілік-қылмыстық жауапкершілік туралы да мәліметтер берілді. Сонымен бірге оқушылардың сақтық шараларына мұқият болуы баса айтылды. Күні кеше ғана облыс аумағында мұз құрсауында қалып, қайғылы жағдайларға тап болған балалардың тағдыры туралы да айтылып, осындай келеңсіздікке тап болмас үшін сақтану қажеттігі түсіндірді.

Шара соңында мектеп директоры С.Ешмуханбетов сөйлеп, құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектебімізге келген полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

Ж.Шүйінішқалиева

М.Сиранов атындағы орта мектеп директорының

тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Тәуелсіздікке 30 жыл

tuelszdkke-30-zhyl

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




ZERO.kz

Яндекс.Метрика