Мәжбүрлеп емдеу бөлімшесі облысқа көшірілді

Тағдырдың тәлкегімен наркоман, таксикоман, ішімдікке салынған адамдар соттың шешімімен мәжбүрлі түрде емделеді.

Облыстық психикалық орталығының осындай мәжбүрлеп емдеу бөлімшесі соңғы 5 жылдан бері аудан орталығында жұмыс жасап келген еді. Дәлірек айтқанда бұрынғы туберкулез ауруханасы орналасқан ғимаратта. 50 кереуеттік бөлімше жақында қайтадан облыс орталығына көшірілді.

Аталмыш бөлімнің меңгерушісі Мұрат Орақовтан білгеніміздей, мұнда ем алып жатқан науқастардың арасында аудан тұрғындары да бар екен.

-Бұрын орынның тарлығына байланысты облыстағы орталықтан ауданға көшіруге тура келген еді. Қазір Атыраудағы орталық күрделі жөндеуден өтіп, науқастардың қалыпты ем алуына бар жағдайлары жасалды, - деді М.Орақовтан бөлімшенің көшіру себебін сұрағанымызда.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

Индер ауданы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521