Мамандар жауап берді

Бүгін халық тарапынан жолданған бірқатар сауалдарға Жуырда «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы мамандары жауап береді.

 

  1. Сәлеметсіз бе! Менің үлкен қызым 20 жастағы студент. Көп балалы аналарға берілетін жәрдемақыны қашанға дейін ала аламын?

Жауабы: Сәлеметсіз бе! Көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақы кәмелетке толмаған төрт және одан көп балалары бар немесе жиырма үш жасқа дейін күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын студенттері бар көпбалалы отбасыларға отбасы табысына қарамастан тағайындалады. Демек, сіз студент қызыңыз 23 жасқа толғанша ала аласыз.

  1. Қайырлы күн! Менің тұрақты мекен-жайым басқа қалада, дегенмен, Атырау қаласынан зейнеткерлікке шыға аламын ба?

Жауабы: Қайырлы күн, әрине!  Кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсетудің эксаумақтық қағидатын енгізу жөніндегі Бірлескен бұйрыққа сәйкес қазіргі уақытта басқа қаланың тұрақты тұрғыны бола тұра кез келген аумақтардан, яғни, қалалардан аталған қызметті алуға құқылысыз.

  1. Қайырлы күн! Мен жуырда қоғамдық көлікте жеке куәлігімді ұрлатып алдым. Енді не істесем болады?

Жауабы: Қайырлы күн! Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәлікті ұрланған кезде қалпына келтіруге арналған құжаттар пакеті мынадай:

  • Құжатты ұрлау немесе ұрлау туралы арызды қабылдаған қылмыстық қудалау органының (аудандық полиция бөлімі) талон-хабарламасы;
  • Мемлекеттік баж төленгені туралы құжат (мемлекеттік баж төлеуден босатылған адамдар растайтын құжаттарын ұсынады;
  • Қазақстан Республикасы азаматының паспортын (бар болса).

Жеке куәлікті беру 15 жұмыс күніндей уақыт алады, бірақ азаматтың қалауы бойынша қызмет жедел көрсетілуі мүмкін.

  1. Сәлеметсіз бе! Менің жүргізуші куәлігімнің жарамдылық мерзімі өтіп кеткен еді. Енді қайта емтихан тапсырамын ба?

Жауабы: Сәлеметсіз бе! Жоқ, жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін оны ауыстыру кезінде теориялық және практикалық емтихан тапсырылмайды.

  1. Қайырлы күн! Менің жасым 50-де, 6 баланың анасымын. Сұрайын дегенім, зейнетке ерте шыға аламын ба?

Жауабы: Жалпы, қазіргі уақытта әйелдер 61 жасында зейнетке шығады. 2023 жылдан 2028 жылға дейін әйелдердің "зейнеткерлік" жасы өзгермейді және 61 жасты құрайды. Зейнеткерлік жастың ең жоғары деңгейі – 63 жас, ол 2031 жылдан бастап әрекет ете бастайды.

Дегенмен, зейнеткерлік жастың ұлғаюы ерте зейнеткерлікке шығу бойынша жәрдемақы алуға құқығы бар әйелдерге әсер еткен жоқ: 5 және одан да көп бала туған (асырап алған) және оларды 8 жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер - 53 жаста зейнеткер атана алады.

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521