Наурыз айының басында Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Ілбішін ауылының тұрғыны С. есімді азамат өзінің басқаруындағы ВАЗ 21110 маркалы автокөлігіне 2 (екі) бас сиыр малын тиеп, құжатсыз Атырау-Орал тас жолымен тасымалдаған.
Бұл аудандық "Мал ұрысы" жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде анықталып, Индер ауданы полиция бөліміне жеткізілді.
Ішкі істер бөлімінің мәліметі бойынша іс-құжаттар жинақталып, Индер аудандық Ветеринариялық инспекциясына жолданып, Ветеринариялық инспекциясымен ҚР ӘҚБтК-нің 406 бабы 1 бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамасы толтырылып, айыппұл салынған.