Мұрат ақынға арналған мереке

Жарсуат ауылында төкпе жырдың төресі, жыр сүлейі Мұрат Мөңкеұлының туғанына 175 жыл толуына орай Мұрат Мөңкеұлы көшесінің тұрғындарының және Жарсуат мәдениет үйінің ұйымдастыруымен «Көсем сөздің күмбезін айшықтаған» атты мерекелік шара өтті.

Ауыл имамы Құраш Рспаевтың баба рухына құран бағыштауымен басталған шарада ақынның шығармашылығы мен өмір жолы таныстырылды.

Ақын өлеңдерінен, жергілікті ақын Қ.Жылқышиевтің  «Мұрат ақын» атты өлеңі, айтыскер ақын  М.Таластың «Ақын бабаға»  арнауы оқушылардың орындауында тамаша әсерлі шықты.

Айтыс өнерінен үзінді орындалған шарада көше тұрғындары көже, бауырсақ пісіріп, оған қоса қолөнер бұйымдарынан  көрме жасады. Ал ақын мұраларынан, шығармашылығынан кітап көрмесін қойған Жарсаут ауылдық кітапханасының меңгерушісі Б.Тастемирова көрмені таныстырып, өлең оқыған шәкірттерге Алғыс хаттар мен  сыйлықтар табыстады.

Көше мерекесінің соңы спорттық ойындарға жалғасты. Онда кір тасын көтеру, арқан тарту және асық ойынынан сынға түскен ауыл азаматтары мен оқушылар бақтарын сынап, жүлде алды..

Шара соңында ауыл әкімі міндетін атқарушы Д.Қапашевұйымдастырушыларға алғыс айтты.

Осылайша ауызбірлікті танытқан ауылдықтар шарадан көңілді тарқасты.

Арал Байжігітов

Индер ауданы, Жарсуат ауылы.

Соңғы жаңалықтар

COVID 19

covid

Фотогалерея

Күнтізбе

Бейнебаян

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 701 666 27 49     +7(7122) 45-85-21