Мүгедектер тасымалына көлік тарту етті

Жаңа мәдениет үйі алдында өткен шарада аталмыш компаниясының жұртшылықпен байланыс жөніндегі бөлім басшысы Игорь Кулеш аудандағы күндізгі стационарлық үлгідегі күндізгі болу бөлімшесінің басшысы Айнагүл Жөкенге автокөліктің кілтін салтанатты түрде табыстады.

-Біздің компания мұнай өндіру ісімен айналысып қана қоймай жергілікті жердің әлеуметтік мәселелерінен сырт қалмайды. Әсіресе, Атырау мен Маңғыстау облыстарында білім, медицина және қамқорлыққа мұқтаж жандарға демеушілік көрсетіп келеді. Біздің тарту еткен көлігіміз мүгедек жандар тұрмысын жеңілдетуге септігі тисін. Біздің компания әлі де қайырымдылық шараларына атсалысатын болады, -деді аталмыш компания өкілі Игорь Васильевич.

Көпшіліктің алдында аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов сөз алып, мүмкіндігі шектеулі жандарға әр кез де қолдаудың қажеттігін, осы орайда НКОК компаниясына ұсынысты қабыл алғанына индерліктер атынан ризашылығын білдіре келе, аудан әкімінің атынан Алғыс хат табыс етті. Соңынан көліктің арнайы механизмімен арбаға танылған бүлдіршін жерлесімізді «Газелдің» салонына отырғызғанына куә болдық.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз