Мұғалім масадан арылудың жолын айтты

Жыл сайын масаны улауға миллиондап қаржы бөлініп жатады. Әрине, оның да жөні бар шығар. Дегенмен, одан арылудың басқа да жолын іздеп көрсек қайтеді.

Айталық, Индер ауданы М.Әуезов атындағы орта мектебінде көп жыл еңбек еткен тәжірибелі, биология пәнінің мұғалімі, зейнеткер Ақзия Кішкентаева бұрындары өз кабинетін гүлзар бағына айналдырып, әр гүлдің өзіндік бір қасиеті барын айтады. Соның ішінде раушан гүлдер тобына жататын қазтабаннан бөлінген иіске, әсіресе, көбелек пен маса жақындамайтын көрінеді.

Ойлап қарасаңыз, құлақ асатын кеңес. Шынында да ауламызға раушан гүлінің дәнін сепсек әрі көркіміз, әрі жәндіктерден құтылудың бір жолы.

Ақмарал БОКИРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521