Ұлттың рухын көтерер мереке

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақ елін  демократияландыру жолында  бірқатар саяси реформаларды жүзеге асырып, іргелі істер атқарып келеді.

Соның ішінде біраз жылдан бері ұмыт қалған Республика күніне  ұлттық мәртебе көтеруі де  көптің көңілінен шықты. Өйіткені  бұл күн  еліміздегі барлық мерекелердің бастауы десек болады.

Аудандық мәслихат депутаты ретінде бұл мерекенің маңызын өскелең ұрпақ жеткізуді өзімнің парызым  санаймын. Мұндай ұлттық мерекелер тұсында осындай ақпараттық-насихаттау  іс-шаралары күндегіден әлдеқайда көбірек өткізілгені жөн. Халқымыздың сан ғасырлардан бері  тәуелсіздік жолындағы күресін, ерен ерлігін жас ұрпаққа жеткізіп, түсіндіре  білуіміз  керек. Болашақта бұл мереке  дәріптеліп, нығая түсіріне сенемін.

Қайта жаңғырған Республика күні патриоттық рухымызды асқақтата берсін. Барша аудан  тұрғындарын  ұлы мерекемен құттықтаймын!

Азғалиев Нәсіпқали Себепқалиұлы, 
Индер аудандық мәслихат депутаты.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521