Құттықтап келген ақжаулықты Ару-Ана

Мәдениет және ақпарат министрлігі Наурыз мерекесі реформаланғанын мәлімдеген болатын. Өзгерістерге сәйкес 14-23 наурыз аралығында «Наурызнама» онкүндігі жарияланды. Наурызнама бойынша18 наурыз-Ұлттық киім күні болып бекітілген. Осы мерекемен редакция ұжымын алғашқылардың бірі болып ауднымызға белгілі ақын, үлгілі анамыз Мәзім Шотанқызы келіп құттықтады.

Қазіргі уақытта ұмыт қалып бара жатырған қазақы киім-кешек үлгісін керемет үйлестіре алыпты ақын апамыз. Басындағы кимешегі, үстіндегі камзолы, жабылған маржан түстес шапаны нағыз қазақтың ақыл айтар ақжаулықты анасындай келбет берген. 

-Мен бұндай ұлттық киімдерді киюге асық тұратын жандардың бірімін. Басыма орамал тартып, үстіме шапан, камзол кигелі 10 жылдай уақыт өтіпті. Осы уақыт арасында ұлттық киіміміздің мәртебесінің биіктігіне талай рет көзім жетті. Оған дәлел көшеде кетіп бара жатырған бейтаныс адамдар, жастар ұлттық киімімізді сыйлап сәлем беріп жатады. Бірде Астана қаласына барғанымда ұлттық киіммен жүргенімді көрген шет елдік азаматтар жаныма келіп кезекпе-кезек суретке түскен болатын. Өзімді құдды бір жұлдыз секілді сезіндім. -дейді Мәзәм Шотанқызы.

Ұлттық киім- қазақ халқының мәдени мұрасының бір бөлігі. Сан ғасырлар бойы қазақтың ұлттық киімі қарапайымдылығымен және ұтымдылығымен ерекшеленеді.

Ата-бабаларымыздың озық дәстүрлерін жалғастырайық!

 
 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521