ҚҰТҚАРУШЫЛАРҒА – «ДАУЫЛПАЗ» МЕДАЛІ

Ақ Жайығымыз биыл кемерінен асып-тасығаннан бері еліміздің өзге өңірлерінен жауынгерлер мен құтқарушылар көмекке келіп, апаттың алдын алуда үлкен үлес қосты. Сондықтан олар қандай сыйқұрметке де лайық. Осыған орай спорт кешенінде өткен кездесуде аудандық ардагерлер алқасының төрағасы Сүйеу Халықов , облыстық мәслихат депутаты Жанай Амантурлин, аудандық мәслихат депутаты, аудандық балалар спорт мектебінің директоры Нұржан Бисенбаев, «Аманат» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Дәурен Сағынғалиев бір топ құтқарушыларға индерліктер атынан ризашылық білдіріп, облыстық ардагерлер алқасының төрағасы М.Өтешовтың қолы қойылған Махамбет Өтемісұлы атындағы «Дауылпаз» медалін және партияның алғыс хатын табыс етті. -Біз тасқын суға қарсы күрес жұмыстарында 25 наурыздан бері жүрміз. Алдымен Қостанай және Ақтөбе мен Батыс Қазақстан облыстарындағы табиғи апаттың зардабын жоюға көмектестік. Индерге де келгеннен бері тасқын суға қарсы қапшықтарға құм толтырып, бөгет соғып, адамдар мен малды құтқаруға атсалыстық. Бір байқағаным, индерліктер ауызбіршілігі жарасқан, өте ұйымшыл екен. Әрі ата дәстүрге сай қонақжайлығына да риза болдық, - деді құтқарушылардың арасынан сөз алған Қызылорда облысының төтенше жағдайлар департаменті авариялық құтқару қызметі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Бауыржан Оспанов. С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521