КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Ақпарараттық топ аудандағы ірі Индер желілік-өндірістік және  ИСИ Гипс Индер кәсіпорындарда болып түсіндіру-ақпараттық жұмыстарын жүргізді.

Топ мүшелері депутат Ақжібек Сабырғалиева, "Атамекен" кәсіпкерлер палатасының басшысы Жәнібек Амантурлин, қоғам белсендісі Бақберген Сахипов қазірдің өзінде энергия көзіне сұраныстың артып отырғандығын, ғылым дамыған заманда өзге елдердегідей Қазақстанға да атом электр станциясын салу қажеттігін айтып, кәсіпорындар қызметкерлерін 6 қазан күні өтетін референдумға қатысып, дауыс беруге шақырды.

Қатысушылардың аталған мәселе жөніндегі көкейлеріндегі сұрақтарына спикерлер арнайы жауап беріп, ақпараттық брошюралар таратты.

А.БОКИРОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521