Көп болып күресер індет

МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСЫМ БАҒЫТЫНЫҢ БІРІ – СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС. ОНЫҢ ДА ЖӨНІ БАР. НЕГЕ ДЕСЕҢІЗ, ЖЕМҚОРЛЫҚ ЖАЙЛАҒАН ЕЛДЕ ӨСІП-ӨРКЕНДЕу БОЛМАЙДЫ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек екендігін айтқан болатын. Бұл ретте қабылданған заңдар мен стратегиялар, түптеп келгенде осы мақсатты көздейді. Ал оған жергілікті биліктің қосатын үлесі зор. Мәселен, Президент халық арасында ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізуді күшейтуге шақыра отырып, бүкіл қоғамды жемқорлықпен күресуге жұмылдыру қажеттігін, «Жемқорлық – індет, онымен күресу – міндет» қағидатын баршаның санасына сіңіру бүкіл мемлекеттік органның ортақ жұмысы болуға тиістігін айтқан-ды. Соған орай халық арасында профилактикалық жұмыстарды жетілдіру бойынша «Ашық әкімдік» және «Адал көмек» шаралары аясында тоқсан сайын қоғамдық қабылдаулар өткізіп келеді. Аудан көлемінде биылғы жыл басталғалы бері «Халық заңгері», «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жәрмеңкесі» акциялары ұйымдастырылды. Аталған шараларға арнайы мониторингтік топ, Индер жобалық кеңсесінің өкілдері және мекеме басшылары мен құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. Бұл бағыттағы шаралар өз жалғасын табуда. Қазіргі таңда аудан әкімдігіне қарасты жергілікті атқарушы органдармен 104 мемлекеттік қызмет көрсету түрі бойынша көрсетіліп, электронды қызметтердің үлесі 95,1 пайызды құрап отыр. Сондай-ақ, 4 ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде мекемелерге мемлекеттік қызмет көрсету, құжат айналым жүйесі, құқықтық актілерді дайындау, арыз-шағымдармен жұмыс бағыттары бойынша тапсырмалар берілді. Бұған қоса Заң бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында мемлекеттік қызметшілермен 3 құқықтық оқыту ұйымдастырылып, 6 маман біліктілік арттыру курсынан өтті. Осындай жұмыстардың жемісі болар, 2023-2024 жылдары қызмет көрсетуші мекемелер тарапынан мерзімінен кешіктірілген немесе мерзімі бұзылған құжаттар болған жоқ. Сондай-ақ, мемлекеттік сатып алу жүйелерін жетілдіру және бизнеске әкімшілік қысымды төмендету бойынша аудан әкімдігі тарапынан тиісті шаралар қабылдануда. Ал, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсарту мен әкімшілік кедергілерді болдырмау бағытында 10 жеке қабылдау өткізіліп, 64 тұлғаның өтініші тыңдалды, 3 тұрғынның өтініші қанағаттандырылып, 61-іне түсінік берілді. Түйіп айтқанда, сыбайлас жемқорлық фактілері ауданның жергілікті атқарушы органдары тарапынан тіркелген жоқ. Алайда, өзіме тікелей бағынысты мекеме басшыларына заң бұзушылықтарға жол бермеу немесе сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау жөнінде күнделікті ескертіліп отырылады. Әрі бұл жұмыстар жалғасын табады. Себебі, жемқорлықпен күрес – жарқын болашағымыздың негізі. Оған баршамыз үлес қоссақ, нұр үстіне нұр болмақ. Дарын ШАМҰРАТОВ, аудан әкімі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521