ИНДЕР АУДАНЫНЫҢ БАЙЫРҒЫ ТҰРҒЫНДАРЫ АЛПЫСБАЙ ЖИЕМБЕТОВ ПЕН ЖҰМАЗИЯ МАХМЕТОВАНЫҢ ШАҢЫРАҒЫНДА ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕН ЗАРЯ ЖИЕМБЕТОВАНЫ ТАНЫ МАЙТЫНДАР КЕМДЕ-КЕМ. ӘСІРЕСЕ, БАЛАЛАРЫН ОТАН АЛДЫНДАҒЫ БОРЫ ШЫН ӨТЕУГЕ ЖІБЕРГЕН ӘЛІ ДЕ ЖІБЕРЕТІН АТА АНАЛАРҒА БҰЛ ЕСІМ ЖАҚСЫ ТАНЫС.
Шоқан Уәлиханов атындағы орта мектепте білім алған ол көршілес Ресей Федерациясына қарасты Саратов қаласындағы ар найы лицей мен Тамбов қаласындағы химия-техно логия колледжінде «Бақылау өлшеу құралдары бойынша слесарь және техник-технолог» мамандығы бойынша тәлім алған.
Арнайы оқу ор нын бітіріп келген Заря за мандасымыз алғашқы еңбек жолын атағы Одаққа танылған ауданның кен байлығын иге руде ерекше есте қалған Ин дер борат кенішінде лаборант болып бастаған. Одақтың қол астынан шығып, өз алдына ел болған еліміздің тәуелсіздік алған алғашқы жылдары, қай қай сала болмасын, үлкен қиындықтарға тап келгені аян. Аудандағы алып кенішті бұл да айналып өтпеді. Ойлана келе Заря Алпысбайқызы 1993 жылы индер аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімге бөлім бастығының көмекшісі қызметіне қабылданған екен.
– Менің саналы ғұмырымның бір бөлшегі осы ұжымда өтуде. Александр Воеводин, Бекболат Қартқожақов, Сергей Кантемиров, Жалғасбай Мұртазаев, Жамбыл Сұлтанғалиев, Тұрар Бражанов, Берік Сұлтанов секілді әскери офицерлердің қарауында жұмыс істедім. Әрбір басшының қолтаңбасы көз алдымда. Оларды әрдайым еске алып, бүгінгі жас әріптестеріме естелік ретінде айтып жүремін. Қазір жаңарған ел жаңаша дамуға бет алды. Қорғаныс саласы күшейіп, әскер қатарына барғысы келген әскери міндеттілердің қатары көбейіп келе жатыр. Осының өзі әскери салада жасалған арнайы реформалардың сәтті жүзеге аса бастағанын көрсетеді емес пе, – дейді ол өз әңгімесінде.
Иә, бір сөзбен айтқанда, бір салада 31 жылдан астам уақыт еңбек етіп келе жатқан Заря замандасты сарбаздардың анасы десек те болатындай.
С.Кушеков