Көптеген аналар риза болды

Соңғы жылдары заман талабына сай кәсіпкерлікпен айналысып, өз тұрмысын оңалтушылар қатары, шүкір, ауылымыз да аз емес. Олардың қатарында көп балалы отбасылардың барлығы көпшілікті қатты қуантады.

Мұның бәрі отбасындағы тәрбиенің, балаларды жастайынан еңбекке баулудың нәтижесі деп санау керек. Енді міне, Президент пәрменімен Үкімет үмітін жаққан халықтың әлеуметтік әлеуетін көтеру мақсатын ұстанған Еңбек және халықты әлеу меттік қорғау министрі Біржан Нұрым бетов 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап әлеуметтік қолдау шараларының кешенді тәсілі мен атаулы сипатын қабылдауды қарастыратын жаңа заң жобасымен танысып отырмыз.

Мұқтаж жандарға атаулы әлеуметтік көмек жағдайы төмен отбасыларға ғана ақшалай төлемдер түрінде және жеке ісін бас тауға, оқытуға, жұмысқа орналасуға қолдау көрсету арқылы отбасын өмірлік қиын жағдайдан шығаруға көмектесуге бағытталуы да құптарлық қадам деп санаймын. Аталған көмектердің біразын біздің Көктоғай ауылының тұрғындары да уақтылы пайдаланып келеді.

Атап айтқанда ауылда 72 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алатын болса, оның қатары ұдайы азайып келеді. Бұдан, әрине, көп балалы аналар азайып келеді деген түсінік тумағаны абзал. Олай дейтінім, біздің ауылда 40-тан аса «Алтын алқалы», 38 «Күміс алқалы» ана тұрады. Олар ауылымыздың мақтаныштары.

Сондықтан да бұл бағыттағы мемлекеттің өз халқына деген қамқорлығын дұрыс түсініп, ел бірлігін нығайтып, еңбекке жұмылғаннан артық жауап жоқ деп түсінемін.

Орынша СҰЛТАШЕВА,

көп балалы ана

Индер ауданы

Көктоғай ауылы

Сурет дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз