Көп күттірген қуаныш

Сәрсенбінің сәтінен бастап ауданда телеарналардың саны 11 каналға толықты. Бұл туралы бізге аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Артур Мурзин хабарлады.

Спутниктік антенналарды қоспағанда әдетте теледидарымыздан «Қазақстан-1», «Хабар», «Евразия», «Хабар24» каналдарымен ғана шектелетін едік. Енді оған «Еларна», «Балапан», «Kazsport», «Атырау», «ҚазақТВ», «АбайТВ», "Caspian news.kz" телеарналары қосылып, ақпараттық аямыз кеңіп отыр. Әсіресе, балалардың сүйіп тамашалайтын - «Балапан», спорт сүйер қауымының «Kazsport» арнасы қолжетімді болуы көпті қуантады. Сондай-ақ мәдени-ағарту бағытындағы «Abai tv» телеарнасы биыл ғана қосылғаны белгілі.

«Қазтелерадио» АҚ филиалы облыстық радиохабар тарату дирекциясының директоры Арон Сабировқа хабарласқанымызда, бұрынғы арналар аналогтық хабар тарату арқылы болса, ендігісі заманауи цифрлық сапада жүзеге асып отыр. Әзірге жаңа каналдармен аудандағы станса арқылы Көктоғай мен Өрлік ауылдарынан басқасын қамтуға мүмкіндігі бар. Ал аталған ауылдар келесі жылы ғана қосылатындығын қаперге берді.

Осылайша аудан әкімдігінің «Телеграм» чат каналында жиі қозғалатын мәселе оң шешімін тауып отыр.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз