Көліктерді жолға шығып кеткен жануарлардан сақтандыратын жүйе іске қосылуда

Видеодан алынған кадр/ t.me/qazavtojol

 

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жолшылар жануарлардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын-алуға мүмкіндік беретін жаңа технологияны сынақтан өткізе бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚазАвтоЖолға сілтеме жасап.

Республикалық маңызы бар «Өскемен-Семей» күре жолының 102 шақырымында жануарлардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын-алуға арналған «Қорғау» автономды жарық-сигналдық кешені сынақтан өтуде.

«Мамандар бұл тәжірибелік-эксперименттік учаскені жолдың екі жағында мал шаруашылығы болған соң таңдады.

Сынақтан өтіп жатқан кешен зияткерлік коммуникация жүйесіне негізделген бірнеше құрылғылардан (посттардан) тұрады. Бұл технологияның басты артықшылығы — көлік жүргізушілері қараусыз жайылған үй жануарлары кенеттен жол бойына шыққан кезде ескерту сигналын алады. Құрылғы күндіз де, түнгі уақытта да жұмыс істейді», - деп жазды ұлттық компаниядан.

Технологияны отандық «Nur-Saylet» компаниясы ойлап тапты.

Технология сынақтан сәтті өткен жағдайда оны басқа да республикалық маңыздағы тасжолдарға орнату көзделіп отыр.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

ЖАҚСЫ КІТАП - ЖАН АЗЫҒЫ

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Әлеуметтік желілеріміз