ҚҰМ КӨШКІНІ ЖҮРІП ЖАТЫР...

Әйгілі Нарын құмының көші тарихтан белгілі. Бүгінде шаруашылықтарға қиындық туғыза бастаса, жер бедері де құнарсызданып бара жатқаны алаңдатып отыр. Әріге бармай-ақ осы Елтай ауылдық округіне қарасты Үштөбе, Жақсының аяғы сынған, Терек, Байбоз сынды өзге де шаруа қожалықтар отырған қыстақ басы тегіс құмға айналып бара жатыр.

Үй мен мал қоралары құмның астында қалуы мүмкін. Айталық, Үштөбе қыстауында тұрып жатқан «Нағиым» шаруа қожалығының жетекшісі Жетіс Мыңбаев:

– Құм да қауіп төндіріп тұр. Жылда қорамызды басып қалады. Техника жал- дап аршытамыз, –дейді.

Баяғыда Амангелді совхозының шағын ферма орталығы болған дүкені, кітапханасы бар Қостан ауылын бәрі білетін. Құм кешіп бару азап болатын. Сөйте-сөйте құм көшіп, ауылды жұтып тынған еді. Қазір оның ізі де қалған жоқ. Өйткені ол жерден адамдар қоныс аударғаннан кейін тұяқкесті қылатын мал болмаған соң алып құм бірте-бірте шағылға айналып кетті. Жалпы құм көшкінін қалай тоқтатқан?

Тарихи деректерге көз жүгіртсек, Нарынның еспе құмын тоқтату мақсатында 1865-1867 жылдары тау-кен инженері А.Дрейр төрт жыл аралықта мыңдаған гектар жерге құмаршық, сағыз, қияқ, жыңғыл ектіру жұмыстарын басқарған. Соның нәтижесінде 1898 жылы Нарын бойында 137 мың гектар жерге құмаршық егілген. Осы құмаршық пен қияқ халықты ашаршылықтан алып қалғанын айтып жүрміз.

Ал сол өсімдіктің біздің даламызға қалай келгенін, оны осы ұлан-ғайыр аймаққа еккен адамдарға қарыздар екенімізді біле бермейміз. Бұл жұмыстар кеңес өкіметі кезінде де жалғасты. Мысалы, «Правда» кейін «Ес- бол» АҚ басқарған М.Сапаров 1980 жыл- дары мал саны артқан сайын жер азып, ақырында ғалымдар жердің құнарын арттыру және құм көшкінінің алдын алу мақсатында «Правда», «Амангелді» совхоздарының қырына Шымкент аймағынан сексеуіл, изен, теріскен өсімдіктерінің тұқымын әкеліп еккенін айтады.

Расында да ол кезде мал азығы және жайылымдық жерлерді жақсарту ісімен айналысатын Шымкенттегі басқарманың Атыраудағы бөлімшесі жұмыс атқарған. Бүгінде изен кең тараған әрі малдың тез қоңын көтереді. Есесіне қияқ, құмаршық, сағыз сынды әріде егілген өсімдіктердің тұқымы жой- ылып бара жатыр. Бұл да бір ойланатын мәселе.

Жанай АМАНТУРЛИН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT