Жерлесіміз, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Көкшетау қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің директоры Серік Жетпісқалиев Халықаралық Махамбет атындағы сыйлықтың иегері атанды!
Марапатты Көкшетау қаласының әкімі Әнуар Қайыргелдіұлы Күмпекеев табыс етті Бұл Серік ағамыздың қазіргі қоғам жастарын рухани бай, елге жанашыр, білікті тұлға ретінде тәрбиелеуге қосқан өлшеусіз үлесін, кітапхана саласындағы белсенді еңбегін, мәдени-ағартушылық бағыттағы қызметін және дауылпаз ақын Махамбетке арнаған жырлары мен көсемсөздерін жоғары бағалағанының дәлелі.
Еңбек жолын «Индер» газетінен бастаған журналист, руханият жанашыры әріптесімізді бұл биік белесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Шығармашылық шыңыңыз әрдайым асқақтай берсін!
"Дендер" -Ақпарат