TALAPTANINDER» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА 14 ПЕН 35 ЖАС АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ИНДЕР АУДАНЫ ЖА СТАРЫ АРАСЫНДА «КҮЗГІ БАЛЛ-2025» САЙЫСЫ ӨТТІ. САЙЫСТЫҢ МАҚСАТЫ – ЖАСТАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН, ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТАЛҒАМЫН ДАМЫТУ, СӘН МЕН МӘДЕНИЕТТІЛІКТІ, СЫМБАТТЫЛЫҚ ПЕН САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН НАСИХАТТАУ, ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ДОСТЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ НЫҒАЙТУ, ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ АНЫҚТАУ.
Алдымен «Дендер» жа стар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ақмарал Сидеғалиева сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Сайысқа «3J Жамбылдың жа лынды жастары», М.Әуезов атындағы орта мек теп командасы, Ualikhanov Generation(Uali Gen) - Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп командасы, аудандық көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжі командасы, «Бөдене жастары» мен «Көктоғай жа стары» командасы қатысты. Қатысушыларға Е.Домбаев халық театрының режиссеры, басшысы Шаида Оразғалиева, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі мекемесінің басшысы Дина Аренова, жеке кәсіпкер, «Асыл ана» тігін цехының бас шысы Айдана Төлеуғалиева, «Азаматтық орталық» КММ нің Индер ауданындағы маманы Гүлім Танабаева мен «Жомарт жүрек» қоғамдық қорының төрағасы Қуат Жане сеев қазылық етті. Сайыс ережесіне сәйкес қатысушылар алғашқы «Та ныстыру» кезеңінде топты шығармашылық түрде таны стырса, екінші «Күзгі сән» кезеңінде күз тақырыбында дайындалған сәнді киім үлгісін көрсетті. Ал «Шығармашылық нөмір» кезеңінде өнерлерін ортаға салып, бірі би, бір ән айтып, енді бірі поэзия оқыса, соңғы «Күзгі дәм» кезеңінде күзгі өнімдерден тағам немесе десерт дайындап ұсынды. Қызықты да тартысты өткен сайыс қорытындысымен «3J Жамбылдың жалынды жастары» командасы бас жүлдені жеңіп алып, 150 000 теңге қаржылай сыйлық пен арнайы дипломға ие болды. Ал, І орын «Бөдене жаста рына» бұйырып, 120 000 теңге қаржылай сыйлық, «М.Әуезов командасы» ІІ орынға ие бо лып, 90 000 теңге қаржылай сыйлық, «Көктоғай жастары» ІІІ орынды еншілеп, 60 000 теңге қаржылай сыйлықтың иегері атанды. Бұдан бөлек, «Үздік шығармашылық нөмір» номи нациясымен Индер көп бейінді ауыл шаруашылығы колледжі, «Үздік күзгі сән» номинаци ясымен «3J Жамбылдың жа лынды жастары», «Үздік күзгі дәм» номинациясымен «Бөдене жастары» командасы марапат талып, әрқайсысына 10 мың теңгелік қаржылай сыйлық және диплом табыс етілді. «Күз ханзадасы – 2025» Темірлан Марат пен «Күз хан шайымы – 2025» Інжумаржан Хамитке әрқайсысына 25 мың теңгелік қаржылай сыйлық пен диплом табысталды. Айта кетейік, сайыс «Дендер жастар қоғамдық бірлестігінің және Жастар ресурстық орталығының бірлесе ұйымдастыруымен өтті.
Жадыра НАРИМАНОВА

