«Халық алғысына» ие болды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен пандемиямен күреске сүбелі үлес қосқан медицина қызметкерлері «Халық алғысы» медалімен марапатталуда.

Мемлекеттік наградалардың бірқатарын Атырау облысы әкімі атынан оның орынбасары Бақытгүл Хаменова салтанатты жағдайда иелеріне табыс етті.

Біздің аудан үшін қуаныштысы, мұндай құрмет аудандық аурухананың бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Гүлмира Заитова мен орталық аурухананың жедел-жәрдем көлігінің жүргізушісі Құмарғали Жұмаш ие болды.

– Сол қиын-қыстау шақта Ілияс Ғабитұлы, Гүлнафис Серікқызы, Ақтолқын Саматқызы сынды қасымдағы жас дәрігерлермен бірге мейірбике, кіші буын қызметкерлері індет ошағында болып, уақытпен санаспай еңбек етті. Орталық ауруханада 156 науқас ауыр халде жатып, өкінішке орай оның бірқатарынан айрылып қалдық, - дейді дәрігер Гүлмира Заитованы сөзге тартқанымызда.

Ия, елімізде індет өршіген кезде ақ халатты абзал жандардың өз өмірін қатерге тіге отырып, өзгенің өмірін сақтап қалудағы ерлікпен бірдей ерен еңбегі көпке үлгі.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521