Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында айтылған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен су инфрақұрылымын жаңғырту бастамасы – халықтың өмір сапасын арттырудағы ең өзекті бағыттардың бірі.
Индер ауданы үшін бұл мәселе ерекше маңызды. Аудан халқының тұрақты әрі сапалы ауыз сумен, заманауи коммуналдық инфрақұрылыммен қамтылуы – өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына тікелей әсер етеді.
Соңғы жылдары Индер ауданында инженерлік желілерді жөндеу, жаңа су құбырларын тарту, кәріз жүйелерін жаңарту бағытында нақты жұмыстар атқарылып келеді. Президенттің тапсырмасы бұл істі одан әрі жандандырып, ауыл мен қала тұрғындарының тұрмысын жақсартуға зор мүмкіндік береді.
Мемлекет басшысының бастамасын толық қолдаймыз. Бұл – елдің әр өңірінде, соның ішінде Индер жерінде де халық игілігіне бағытталған нақты қадам.
Дархан Мәжитұлы,
аудан тұрғыны