Халық үніне құлақ асатын мемлекет

Мемлекет басшысы Қасым-жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде Атырау облыстық ҚХА Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Нұржан Ермұханов және баспасөз бөлімінің басшысы Гүлнафис Жармұхамбетова «ИсиГипсИндер» ЖШС жұмысшыларымен кездесу өткізді.

Кездесуге аудандық қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Серікқали Жұқиев, аудандық жұмыспен қамту орталығының директоры Айдар Жобалов, ХҚКО маманы Алия Сабитова және кәсіпорын басшысы мен қызметкерлері қатысты. Алдымен сөз алған Нұржан Ермұханов кездесудің мәні мен мақсатына тоқталып өтті. Кәсіпорын басшысы Жолдас Көшқалиұлы кәсіпорынның атқарып отырған жұмысымен таныстырды.

– Кәсіпорында 10-нан аса өзге ұлт өкілдері жұмыс жасайды. Олардың әрқайсысы қазақ тілін еркін меңгерген. Біз Ресей және Германия мемлекеттерімен ынтымақтаса жұмыс жасаймыз. Президентіміздің әр Жолдауын, заңдарын, тұжырымдамаларын дер кезінде тыңдап, жұмысшыларымызға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп отырамыз. Сондай-ақ, аудандағы әлеуметтік жағынан осал топтағы жандарға, бала бақшаларға әрқашан демеушілік көрсетеміз. Пандемия кезінде де біздің кәсіпорын өз жұмысын тоқтатқан емес. Бұл біздің бірлігіміздің, татулығымыздың арқасы,- деді ол.

Ал, жұмыспен қамту орталығының директоры Айдар Жобалов тұрғындарды жұмыспен қамту бағытындағы мемлекеттік бағдарламалардың орындаласын айта келе, мүмкіндігі шектеулі не пробация тізімінде тұрған бір азаматты жұмыспен қамту туралы ұсынысын білдірді. Алайда, кәсіпорын басшысы мекеме үлкен жауапкершілікті, жылдамдықты талап ететін орын болғандықтан, мүмкіндігі шектеулі санаттағы азаматтарды жұмыспен қамти алмайтындығын жеткізді.

Кездесу аясында қатысушылар қоғамда әлеуметтік мәселелердің алдын алуға, келіспеушіліктер мен жанжалдарды реттеу, әлеуметтік шиеленіс ошақтарының туындауына мүмкіндік беретін жағдайларға жол бермеу жөнінде тәжірибелік іс-шараларды іске асыруға қатысты өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Жиыннан соң, кәсіпорын басшысы Жолдас Көшқалиұлы жұмыс орнымен таныстырып, меймандарға гипстің қалай дайындалатынын өз көздерімен көрулеріне мүмкіндік жасады.

Жадыра НАРИМАНОВА

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521