Кетебайда ит көп, интернет жоқ

 Әкімдердің халыққа есеп беру жиындары биыл да әдеттегідей алдымен шағын ауылдардан басталды.

Аудан орталығынан 33 шақырым қашықтықта орналасқан Кетебай ауылында бүгінде 11 үй, 48 тұрғын бар. Олар жеке қожалықтарында төрт түлігімен күн көріп отыр. Ауыл тұрғындарымен кездесуге аудан әкімінің орынбасары Салауат Өтеғұлов пен округ әкімі Әлифолла Балахметов қатысып, Президент Жолдауына орай жергілікті жерде атқарылып жатқан жұмыстардың барысын баяндады, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін назарға алды. Ауылға былтыр жаңадан су тазарту қондырғысы салынған болатын. Бүгінде әр үйге су келіп тұр.

dsc_1743

Дегенмен әлі де ақауларын реттеп, нысанды сенімгерлік басқаруға тапсырылуы қажет етеді. Құрылысы былтыр басталған облыстық дәрежедегі Қарабау-Индер автокөлік жолы биыл да жалғасын табады. Осы күре жол Кетебай ауылынан бірер шақырымдай жерден қиып өтеді екен.

Ауыл тұрғындары арасынан Қуаныш Естай, Құттыбай Нұғыманов, Байғабыл Берзентов мүмкіндігінше күре жолға дейінгі кірме жол қамтуға немесе қиыршық тас төсеуді қарастыруды сұрады. Тұрғын Самат Бозшиев ауыл аймағында бұралқы иттердің көбейіп кеткеніне алаңдаты. Сонымен қатар көгілдір отын мен интернеттің қажеттілігі де айтылмай қалмады.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521