Кенттегі полигонға ангар орнатылды

Бұл туралы аудан әкімі Дарын Шамұратов кент тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды DENDER.KZ

Индербор кентіндегі құжаты 16 га құрайтын полигондағы қоқыс қалдықтары 70 (35) га аумақта шашылып жатырған болатын.

Шашылған қоқысты заңдастырылған 16 га жерге жинақтауға 41 млн. 462 мың теңге бөлініп, мердігер мекеме («Құлсары МПСС» ЖШС-і) арқылы алаңдағы қоқыстарды жинау және жою жұмыстары жүруде. Аталған жұмыстар наурыз айында басталып, қыркүйек айына дейін аяқталады.

Бұл жұмысқа қосымша 16 га аумақты толық қоршау үшін 2022 жылы материалдары алынған. Мердігер мекеме «Жарқын Құрылыс Сервис» ЖШС-і арқылы қоршау жұмыстары жүргізілуде. Алдымыздағы шілде айында полигонды қоршау жұмыстары толық аяқталатын болады.

(Сұрыптау кешенін орнату  жұмыстары басталды)

Тағы бір мәселе – полигонға ангар орнату арқылы ішіне сұрыптау кешенін қою. Облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, қоқыс полигонына ангар орнатылды. (Мердігер мекеме - ЖК«Абдухатов Ердос»). Қазіргі таңда, сұрыптау кешенін орнату  жұмыстары басталды. Келісім шарт бойынша 1 ай мерзімде орнатып, пайдалануға беру жоспарлануда. Жұмыстардың құны 64,0 млн.теңге,- деді аудан әкімі.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521