Кенттегі көп қатарлы тұрғын үйлер күрделі жөндеуден өтуде

Бұл туралы аудан әкімі Дарын Шамұратов кент тұрғындарымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды DENDER.KZ

Соңғы жылдары шешімін тауып, қарқынды жүргізіліп жатырған жұмыстарың бірі – кенттегі көп қатарлы тұрғын үйлерді күрделі жөндеу. Ұзақ жылдар бойы сыртқы келбетінің тозығы жетіп, шатырынан су ағатын тұрғын үйлер жөндеуден өткеннен кейін – қазіргі кезде Индербор кентінің сәнін келтіріп тұр.

 - 2021 жылы кенттегі 11 үй, өткен жылы 6 үй күрделі жөндеуден өтсе, биыл тағы 7 үйге жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Оның қазіргі уақытта біреуі - Тайсойған көшесіндегі екі қабатты №10 үйдің  (6 млн 357 мың теңге) жәй жөндеу жұмыстары аяқталды.  

Қалған Қонаев көшесіндегі №7,9,10,11 және Қаражанов №20 тұрғын үйлерді жәй жөндеуден өткізу бойынша мердігер мекемемен келісім шартқа қол қойылды. Жақын арада бұл жұмыстар басталады.  Мердігер мекемелер – «СК Бірлік» ЖШС, «Строй Стандарт» ЖШС. Жоба құны 71 млн 314 мың теңге. Мерзімі 1 ай, - деді аудан әкімі. 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521