Бүгін 17 сәуір көктемгі тазалық айлығының аясында кезекті сенбiлiк өткiзiлдi.
Балабақша-мектептер өз аулаларын тазалап, жаңа көшеттер отырғызса, мекеме, кәсіпорын қызметкерлері сенбiлiкке белсенді қатынасып, орталық саябақтың ішін тазалап, ағаштардың түптерін қопсытып, әктеу жұмыстарын жүргізді.
Бұндай жұмыстар әлі де жалғасын таба бермек. Барлықтарыңызды өз аулаларыңыздың айналасын, таза ұстауға, тазалық жұмыстарына белсене қатысуға шақырамыз.
Дендер - Ақпарат