Кентішілік автобус жолға шықты

Кентішілік автобус жолға шықты Индерборда бүгіннен бастап көптен күткен кентішілік автобус қатынай бастады.

Маршрут «Болашақ» мөлтек ауданының №6 көшесінен басталып, одан әрі осындағы «Ару ана» тұрғын үй кешені - «Шығыс» –«Барлаушы»-«Орталық»-«Көктемге» жалғасады. Аталған аудандағы соңғы аялдама Алғабас көшесінің шеті. Сондай-ақ осы бағытпен кері жүреді.

karta

-Кентішілік тасымалды пилоттық жоба ретінде бастадық. Уақыты сағат 7.30-20.00 аралығы. Қоғамдық келісім кеңесімен бекітілген бағасы 50 теңге. Әзірге мектеп оқушыларына тегін. Бүгінде құжаттары субсидияға дайындалуда, алда басқа да жеңілдіктерді қарастыралады. Аялдамаларды да шамамен белгіледік. Алда тұрғындардың ұсынысына сай аялдама орындары нақты белгіленеді, - деді Индербор кенті әкімі Асхат Аймұратов аталған маршрутты бірге аралап шыққанымызда.

turgyndar

Жеке кәсіпкер Жандос Жанғалиев:

-Тұрғындардың көпшілігі ризашылығын білдіріп жатыр. Жолаушылар үйренсін деп жолда кетіп бара жатқан тұрғындардың бәріне тоқтап, алып кеттік. Алдағы уақытта көп кешіктірмей тұрақты уақытын да хабарлайтын боламыз.

Айта кетейік, қазір бір ғана қоғамдық көлік тұрғындарға қызмет етсе, алда тағы біреуі шығады. Сондай-ақ уақыты нақтыланғанша аялдамалар мен келу уақытын анықтау үшін кондуктор Болған апайдың 87023396462 телефонына қоңырау шалып білуге болады.

С.САНСЫЗБАЙҰЛЫ.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521