Kaspi.kz қосымшасы арқылы Түркияда зардап шеккендерге қаражат аударуға болады

сурет ашық дереккөзден алынды

Каспи банк Түркияда зілзаладан зардап шеккендерге көмек аударатын шот ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Достар, апаттан зардап шеккен түркиялықтарға көмекті Kaspi.kz қосымшасы арқылы аудара аласыздар. Ол үшін төмендегі шоттарды таңдау керек: Төлемдер – Қайырымдылық - Ұлттық волонтерлік желі Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге гуманитарлық көмек. Екінші жолы: Төлемдер – Қайырымдылық – Түркия Халқына Жәрдем қаражат Түркиядағы AFAD қорына жіберіледі. Бұл екі есеп-шот та өте сенімді», - деп жазды Каспи банкінің баспасөз хатшысы Ербол Азанбек Facebook желісінде.

Біріншісі, «ҰВЖ» ЗТБ жұмысын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі үйлестіріп отыр. Kaspi.kz арқылы көмек аудару да министрліктің тікелей ұсынысымен бүгін шұғыл ашылған.

Екінші, шот Қазақстандағы Түркия елшілігінің ұсынысымен «Жәрдем науқаны» аясында бүгін шұғыл іске қосылды.

«Көмек аударымын жасау өте оңай. Kaspi.kz – Қайырымдылық - жоғарыдағы екі қордың бірін таңдап, 100 теңгеден бастап кез келген көлемдегі қаражатты аудара аласыз. Көмек қаржы түгелімен, комиссиясыз санаулы секундта ұйым шотына түседі. Көмекті осындай ресми шоттарға ғана аударыңыздар. Көмектеріңіз қабыл болсын», - дейді банктің баспасөз хатшысы.

Айта кетейік, Түркиядағы жер сілкінісінен қаза болғандар саны 12,3 мыңнан асты, 62 914 адам жарақат алды. Халықты орналастыру үшін 70 818 шатыр тігілген.

Қазақстан құтқарушыларының екінші тобы Газиантеп қаласына жеткізілді.

Бұл ұшақ қайтар жолда Қазақстан мен Қырғызстанның 64 азаматын эвакуациялады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильиннің есебін тыңдап, Түркияда жұмыс істеп жатқан Қазақстан құтқарушыларына сәттілік тіледі.

Сондай-ақ қазақстандықтар Түркияда зардап шеккендерге киіз үй алуға 18 млн теңге жинап берді.

Қазақстандық Сабина Мамадьярова мен олардың түрік досы Кубилай Кескин табылған еді. Сабинаның қолы сынған және ауруханаға жеткізілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521