Кәсіпкерлер 24 отбасын бір айға жетерлік азық-түлікпен қамтамасыз етті

Ел басына ауыр күн туғанда "Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарауға" негіз болатын ауызбірлішіктің арқасында кездескен қиындықтың жүгі аз да болса жеңілдей түскендей. Оған себеп Индербор кентінің басында тұратын кәсіпкерлер бірлесіп 24 отбасыға 1 айға жететін азық түлікпен қамтамасыз еткен.

Аудандық мәслихат депутаты, кәсіпкер Әлия Қарашинадан білгеніміздей Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының Тоқаевтың жарлығымен елімізде жарияланған төтенше жағдай кезінде кездесетін қиыншылықтарды бірлесіп еңсеру жөніндегі баянды бастамасына көрсетілген қолдау екенін айтады.

Сонымен қатар жеке кәсіпкер Айбар Алмұхановта бір сиыр малын сойып осынша отбасыға тегін таратып берген көрінеді. 

С.КӨШЕКОВ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521