Карантин тағы да жеңілдетілуі мүмкін

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов бұл сауалға жауап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы Астана телеарнасына сілтеме жасап.

Оның сөзінше, шектеу шаралары алдағы уақытта да жеңілдетілуі бек ықтимал. Алайда, алда-жалда кезекті толқын бола қалса, карантинге қайта оралуымыз мүмкін.

"Оданда әрі қарай босталуы мүмкін. Ол тек қана халықтың, қоғамның санитарлық нормаларды орындағанының нәтижесіне байланысты. Егерде біз той жасап, ережелерді бұзып кетсек, қайтадан маусым айында болған дағдарыс қайтадан қайталануы мүмкін", - деді Қожахметов.

Ол қазіргі кезде министрлік індеттің күздегі толқынына қызу дайындалып жатқанын жеткізді. Әсіресе, медицина саласының мамандары. Бүгінде 30 мың дәрігер жұмыс істеуге сақадай сай дейді, ведомствоның ресми өкілі. Одан бөлек, жағдайды ушықтырып алмау мақсатында 15 қыркүйекте елімізде тұмауға қарсы жоспарлы вакцинация басталмақ.

Сурет:дереккөз

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521