Канал суға толы

 Наурыз айының соңын ала жолсапарға шығуымыздың да өзіндік мақсаты бары айқын. Біздің бұл ұсынысымызды қабыл алған Елтай ауылдық округінің әкімі Олжас Бейбіт сапарлас болуды ұйғарып, қосшы жігіт Ақжол Қайыров «Сұр көжегін» сапарға сақадай сай етіпті. Сәскеге таман тас жолды кесіп өтіп, қыр жақтан құлайтын тоқсан жол тораптың ішінен өзіміздің бағытты таңдап, Нарынға қарай бойлай бердік. Биыл судың келу қарқыны жаман емес. Соның арқасында Бағырлай каналы да едәуір көтеріліп қалыпты. Әрине, су айдап отырған су шаруашылығы кәсіпорнының да еңбегі орасан зор. Олар қыстағы қара қатқақта да малдың қамы үшін каналдарға су айдағаны бар. Канал етегін жайлағандар болуы керек, балық аулайтын ау құрып тастапты. Бұл айдында қара балық әуелден болатын. Тіпті Жайық өзені арнасынан асып-тасыған жылдары Бағырлайға құйып, екі су ауылдарды айнала қоршап, қауіп төндіретін.

Жалпы, биылғы қар суы шаруашылықтар үшін де біраз демеу болып тұр.

Ж.АМАНТУРЛИН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521