Қазақстан заңнамасы бойынша Құрбан айттың бірінші күні – демалыс. Биыл Құрбан айт 28, 29, 30 маусым күндері аталып өтеді.
Бұл туралы ҚМДБ-ның 2023 жылғы діни күндер кестесінде жарияланған.
Құрбан айт – Ораза айттан кейін 70 күн өткен соң келетін мейрам. Еңбек кодексінде Құрбан айттың бірінші күні кесте мен жұмыс режиміне қарамастан, демалыс күні болып белгіленген.
Осылайша, 28 маусым, яғни сәрсенбі қазақстандықтар 1 күн қосымша демалыс алады.
Аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 26, 27 маусымда жұмыс істеп, 28 маусымда демалады. Ал 29-30 маусымда қайта жұмыс істейді. Алты күн жұмыс істейтіндерге 26-27 маусым жұмыс күні болса, 28 маусымда демалып, 29-30 маусымда және 1 шілдеде қайта жұмыс істейді.