Көктоғайда«ADAI» атты жаңа мейрамхана ашылды

Индер ауданы, Көктоғай ауылдық округінде жаңа нысан бой көтеріп «ADAI» атты мейрамхана ашылды.

«ADAI» мейрамханасы Көктоғайдағы 3-ші мейрамхана, алдағы уақытта 100 адамға дейін тапсырыс қабылдайтын болады. Кәсіпкерлік нысанды салып іске қосу үшін жеке кәсіпкер Кульчикова Звира ханым мемлекеттік бағдарламалар аясында қол жетімді пайызбен несие алып жетпеген қаржыны өз қаражатынан толтырған.

Жеке кәсіпкер ауылдың жұмыссыз азамат, азаматшаларын жұмыспен қамтуда. Бүгінгі күні шағын кәсіпкерлік мемлекеттің негізгі табысын құраушы салаға айналуда. Сондықтан кәсіп бастаймын деген ауыл тұрғындарына мемлекет тарапынан қолдау басым.

Ауданымызда осындай жарқын бастамалар көптеп жүзеге асып, кәсіпкерлеріміздің қатары көбейе берсін.

adaj-khaly

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521