«Көктем-2022» әскерге шақыру науқанына орай жиын өтті

Әскерге шақыру тақырыбы әрқашан құқық қорғау органдарының ерекше назарында. «Көктем-2022» әскерге шақыру науқанына орай Атырау гарнизонының Әскери полиция бөлімшесі бастығының орынбасары Д.Бақытбек және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі офицер С.Амандықтың қатысуымен аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімде арнайы жиын өтті.

Онда еліміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасының негізгі ережелері сөз болды.

Соның ішінде Қарулы Күштердегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттарының талаптарын, бағынысты жеке құрамнан заңсыз ақша жинауды жүзеге асырған лауазымды адамдардың сотталу фактілерін мысал етіп, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық немесе әкімшілік жауапкершілікке тартылатын арнайы заң баптары бары айтылды. Сондықтан заң бұзушылыққа ықпал ететін себептер қаупін азайту, жемқорлықтың куәсі болған уақытта жедел әрекет жасау бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Айта кетейік, қазіргі уақытта әскери басқару органдарында және
ұлттық қауіпсіздік комитетіне қарайтын шекара қызметіне әскерге шақыру жұмыстары жүргізілуде.

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлім

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521