Үйі өртенген ардагерге көмек көрсетілді

Өткен сәрсенбіде Есбол ауылы Иманғазиев көшесіндегі тұрғын үй түн ішінде өртке оранды.

Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ізбасар Сақыпқалиевтің айтуынша, оқиға орын алған жерге аудан орталығынан өрт сөндіру автокөлігі және ауылдағы су тасушы көліктер мен ерікті өрт сөндіру жасақтары жұмылдырылған. Су тазарту қондырғысынан 4 мәрте су тасымалданған. Нәтижесінде өрт көп кешікпей сөндірілген. Бастысы отбасы мүшелері дін аман. Бірақ қыс ортасында үйдің шаңырағы ортасына түсіп, өртке ұрынуы кім-кімге де оңай тимесі анық. Дегенмен қиналып қалған отбасын жергілікті әкімшілік уақытша үймен қамтамасыз етіпті.

-Үйі өртеніп қиын жағдайға қалған қаруласымыздың отбасына көмек қолын созып, әзірге тұруға үй беріп, әрі біржолғы әлеуметтік көмек ұйымдастыруға қолдау жасаған аудан әкімі Мейірім Қалауиге Ауған соғысы ардагерлер атынан ризашылығымызды білдіреміз, - дейді аудандық Ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы Самат Әйтимов.

Саламат Б.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521