Қиын кезеңнен өтіп келеміз

Елімізде карантин шаралары жақын арада жеңілдетілетіндігі айтылуда. Әрине, ол - жақсы жаңалық.

Алайда бүкіл дүние жүзіндегі, оның ішінде елімізде, облысымызда, ауданымызда қалыптасқан ахуал баршаға белгілі. Індеттің етек алуы ауруға шалдыққандардың санын күрт өсуге дейін алып келді. Тіпті алапат індет арамыздан қаншама асылдарымызды да алып кетті.

Облыс, аудан көлемінде алынған шұғыл да қосымша шаралардың нәтижесінде шілде айының ортасынан бастап ауру көрсеткіштерінің біртіндеп төмендегенін ақпарат құралдарынан естіп қуанып қалып жатырмыз.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты телевизиялық үндеу жасағаны мәлім. Онда пандемия кез келген саланың жұмыс тәртібіне өзгерістер енгізді. Осы ретте аудандық, ауылымыздың әкімдігі, жергілікті мәслихат депутаттары ел басына күн туып, ер сыналар кезде халық арасынан табылып, өз көмектерін ұсынуда. Олар неше түрлі деңгейдегі қайырымдылық акцияларына белсенді түрде қатысуда.

Осы жағдайға байланысты кейінгі ұрпақ жастарымызға айтарымыз аңғарымды, мейірімді, қайырымды, үлкендерге қамқор болуы керек. Қай уақытта да өсіріп жеткізген ата-аналарыңды ойдан шығармай, солардың өмірінің қауіпсіздігін сақтауға, көңіл күйлерінің жайдары болуын бірінші кезекке қойғандарыңыз абзал. Ата-аналарыңды осы бір кезеңнен аман-есен өткізіп жіберу сіздерге үлкен жауапкершілік міндеттейді. Кез келген жерде жасы ұлғайған адамдарға қамқорлық көрсетуді міндеттеріңе алыңдар дегім келеді. Жаяу жүріп бара жатқанды көліктеріңмен жеткізіп тастауға, кезекте тұрса алдымен жіберуге, қиналып жүрсе көмектесуге дайын тұрыңыздар. Бүгінгі күн-ұлдан ұлағат, қыздан-инабат күтіп, үлкендерге қамқор,кішіге ізетті болатын кезең.

Карантин жеңілдетілгенмен, барлық халық бірдей әлі де құлан таза аурудан айығып кете қойған жоқ, Сондықтан талаптарды сақтап, той думанды қоя тұрған жөн. Сендер жүрген жерлеріңнен жұқтырған ауру белгілері өздеріңе әсер етпесе де, үйдегі үлкендерге қатерлі дерт болып жабысуы мүмкін.

Осы пандемия біздің де жанұяны айналып өтпей, жолдасым ауырып қалған уақытта ауылымыздың дәрігерлері Сатқалиева Шәмшия, Қажкенова Жанна үлкен жауапкершілікпен емдерін жасады. Содан ауданға апарғанда ауданның бас дәрігері Төлеген Бауыржан және дәрігерлері Зайтова Гүлмира, Ермекқалиева Айжан, Ақтолқын Саматқызы ауруханаға жатқызып емдеп жазып шығарды. Осындай қиын-қыстау кезеңде жанымызға араша болған барлық аудан дәрігерлеріне жанұямның атынан рахметімді айтқым келеді.

Өтеғұл ЖАЛҒАСБАЕВ

Индер ауданының Құрметті азаматы

Есбол ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521