Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында Исатай ауданы орталығында Тәуелсіздік монументі ашылды, деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.
Салтанатты шараға Атырау облысы әкімінің орынбасары Нариман Таушов арнайы қатысты.
- Монумент - тарихи-танымдық маңызы зор нысан. Тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолында әрқайсымыз еңбек етуіміз керек. Егемендігіміз еңселі болғай - деді облыс әкімінің орынбасары Нариман Таушов.
Исатай ауданы орталығы - Аққыстауда қойылған еңселі ескерткіштің биіктігі 16 метр.
Ені мен ұзындығы 6,5 метр. Мұнара биігінде ұлтымыздың киелі шаңырағы бейнеленген. Оның айналасында ұшып жүрген құстар бар. Бұл – шаңырағымыздың биіктігі мен бейбітшілікті суреттейді.
Мұнараның артқы жағында биіктігі – 5 метр, ұзындығы – 7 метр, ені - 1,10 метр көлемде 3 колоннадан тұратын 2 дана рельефті-мүсіндер орнатылды.
Онда 30 жыл ішіндегі еліміздің жетістіктері мен
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ант беру сәті
бейнеленген.