Өңір басшысы азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады

«Облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов өңір тұрғындарын жеке сұрақтары бойынша қабылдады»,- деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Қабылдауға келген тұрғындардың көтерген сауалдарының басым бөлігі баспана мәселесіне қатысты болды. Одан басқа жер телімін бөлу, инфрақұрылым және емхана жұмыстарына қатысты, мүгедектердің құқықтарын қорғау, жұмыспен қамту мәселесі де көтерілді. Қабылдауға келген көп балалы ана З.К. тұрғын үймен қамтуды сұрады. Ол жолдасы екеуі 5 баламен үй жалдап тұратындығын айтты.

Атырау қаласының әкімі Мейірім Қалауидің айтуынша, ол 2018 жылы үй кезегіне тіркелген. ҚР «Тұрғын үй қатынастыраы туралы» Заңының 74-бабының 1-тармағына сәйкес, тұрғын үй тізімде белгіленген кезек ретімен беріледі. Қала әкімі егер қаласа «Бақытты отбасы» бағдарламасы негізінде де мүмкіндік бар екенін жан-жақты түсіндіріп берді.

Ал, Атырау қаласының тұрғыны, ІІ-топ мүгедегі М.Р. мүмкіндігі шектеулі жандардың жұмыспен қамтылу мәселесін сұрады. Бұл сауалға Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Азамат Мәмбетов жауап берді. Ол 2022 жылдың 1 наурыздағы есебі бойынша Жұмыспен қамту орталықтарына 226 мүмкіндігі шектеулі жан хабарласып, оның ішінен 175 адамға әлеуметтік көмек түрлері көрсетілгенін айтты. Одан басқа, тұрақты жұмысқа 23 адам, ақылы қоғамдық жұмыстарға 144 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 7 адам және жастар практикасына аталған санаттан 1 жас маман жіберіліп, уақытша жұмыспен қамтылғанын жеткізді. Қабылдау барысында өңір басшысы Махамбет Досмұхамбетов азаматтардың арыз-шағымдарына тиісті дәрежеде жауап беріп, мәселелерді заң шеңберінде шешуді тапсырды.

Облыс әкімі бұл жергілікті атқарушы органдардың алдындағы маңызды міндет екенін ескерте келе тиісті сала басшыларына осы мәселені қатаң бақылуда ұстауды міндеттеді.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газет ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде 2018 жылғы
16 мамыр күні тіркеліп, тіркеу туралы 17101-Г куәлігі берілген.

Редакцияның мекен-жайы: Индер ауданы, Индербор кенті, Д.Қонаев-18.

Байланыс телефоны: 8 (712-34) 2-11-80, 2-15-26, 2-11-42 (факс)

Электронды пошта: dender_gz10@mail.ru




Яндекс.Метрика