Инвестициялық жобаларды іске асыруға 7 млрдтан астам теңге бөлінеді

«Nur Otan» партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер жеке кәсіпкерлер "Nur Otan" партиясы Индер аудандық филиалының Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Әлия Қарашина мен Жанат Шопанова партияның сайлауалды бағдарламаларын насихаттап, халықты 10 қаңтарда өтетін сайлауға қатысып, дауыс беруге шақыру мақсатында аудандық мәдениет үйінде кент тұрғындармен кездесті.

Алдымен үміткерлер 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін Қазақстан Республикасы Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттардағы сайлау туралы айтып, «Nur Otan» партиясының аудан бойынша сайлауалды бағдарламасымен егжей-тегжейлі таныстырды. Кездесу барысында әлеуметтік қамсыздандыру, жұмысқа орналасу мәселелері басты назарда болып, тұрғындар сайлаушыларымен жеке сөйлесіп, өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен сөз алған Әлия Қарашина елімізге таралған пандемияға байланысты көптеген салаларда шектеулер қойылып, іскерлік белсенділіктің төмендеуіне алып келгенін мәлімдеп, мемлекет тарапынан елімізде экономикалық іскерлік белсенділікті қолдау және сыртқы әсерлердің теріс ықпалын азайту үшін ауқымды шаралар қабылданғанын сөз етті.

dsc_0088

Мәселен, кірісін уақытша жоғалтқан 15 041 азаматқа 42 500 теңгеден әлеуметтік төлемдер төленсе, 1100 аз қамтылған отбасыларға «Біз біргеміз» қоғамдық қорынан 50 мың теңге, 1314 мүгедек пен 163 мүгедек балаларға және мүгедек күтімімен айналысатын 161 ата-анаға, жұмыссыз мәртебесін жоғалтпаған жұмыспен қамту шараларына тартылған 735 азаматқа әлеуметтік көмек төленсе, 286 бала кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етілді. Ал еріктілер арқылы 305 әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен қарияларға тұрмысқа қажетті азық-түлік себеті үйлестірілсе, биыл 655 адамды қоғамдық жұмыстарға, кәсіптік оқуға 90, жастар практикасына 68, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға гранттар берілді. Сонымен қатар «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 10 инвестициялық жобаларды іске асыруға 7 млрд. астам теңге бөлінеді, 1753 жұмыс орындары ашылып, оның 50 пайызы, яғни, 877-і жұмыспен қамту орталығы арқылы тіркеуге алынды.

-«Nur Otan» партиясы – Қазақстан Республикасының қарқынды дамып, өркендеуін мақсат тұтқан партия. Негізгі басты мақсаты – тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту. Айталық, ауданның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуде өндірісі, ауыл шаруашылығы, туризм салаларын дамыту арқылы жүзеге асырылады. Жалпы партия 2025 жылға дейін ауданның өңдеу өнеркәсібіндегі өнім шығарудың өсімін жыл сайын 105 пайызға арттыру үшін жұмыстанатын болады. Елдегі төтенше жағдай кезінде аудан аумағында 640 адамы бар 200 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері өз қызметін тоқтатқан болатын. Осы орайда партия неғұрлым зардап шеккен бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру үшін ғана емес, сондай-ақ «Атамекен» ҰҚП-мен мемлекеттік қолдау мен ынтымақтастықтың қолданыстағы құралдарын белсенді пайдалану арқылы жаңаларын құру үшін жағдай жасайтын болады. Ол үшін партия жыл сайын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне берілетін жер телімдерінің көлемін 0,8 геактарға дейін ұлғайтуға, ауыл бизнесін дамыту мақсатында «Бизнес-Аймақ» өңірлік бағдарламасы шеңберінде 38 жобаны несиелендіреді,-деп жобаларға жеке-жеке тоқталып, таныстырып өтті.

Ал үміткер Жанат Шопанова партияның басты міндеті – адамдар үшін жақсы өмір сүру жағдайларын жасау, жаңа жұмыс орындарын ашу, білім беру мен медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру екендігін атап өтті.

-«Nur Otan» партиясы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсартуды, әркімнің таза суға, ауа мен сапалы жолдарға қол жетімді болуын қолдайды. Біз жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғыруға, сондай-ақ, қолайлы экологиялық жағдайды қолдауға бағытталған «Құтты мекен», «Ауыл – ел бесігі» жобаларын жүзеге асыруға қолдау көрсетеміз. Мысалы, ауданда 1269 адам тұрғын үй кезегінде тұр. Партия отбасы институтын нығайту үшін кешенді шараларды жүзеге асырады және олардың материалдық тұрақтылығы мен тұрғын үймен қамтамасыз етілуі үшін жағдайлар жасайды. Сондай-ақ алдағы бес жылда ауданда әрбір отбасына қол жетімділікті арттыру үшін партия 2021-2025 жылдары Индербор кентінде 86,8 мың шаршы метр 1292 пәтерлік 20 тұрғын үйді пайдалануға беру, 2021-2022 жылдары Индербор кентіндегі 17 көп қабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбеттері мен шатырларына күрделі жөндеу жұмыстарын өткізу, тұрғын үй құрылысына жеке инвестицияларды тартуды ынталандырып, жеке тұрғын үй салуға ықпал ету үшін ауданның 6 ауылдық округіне 2100 жер телімін табыстау, шалға орналасқан елді-мекендерде интертен желісінің жылдамдығын арттыру, 2022 жылы – Елтай, Есбол, Көктоғай, Бөдене, Жарсуат, Өрлік ауылдарында тоқ құрылысын жүргізу мен Көктоғай ауылын сумен және газбен жабдықтау жұмыстарын аяқтау міндеттерін қойды,-деді өз сөзінде.

Осылайша, кездесуде тұрғындар ел Тәуелсіздігінің басты жетістіктері тұрақтылық, бейбітшілік, халықтың бірлігін атап өтіп, «Nur Otan» партиясына өз дауыстарын беруге ниет білдірді. Ал үміткерлер арнайы партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты партияның жадынамаларын таратты.

Диас АЙБАР

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Индер ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521