Интернет-алаяқтық жасалған кезде...

Атырау облысы Полиция департаментінің Индер ауданы Полиция Бөлімінің бастығының 2021 жылғы 03 қарашадағы №160 санды бұйрығымен Индер ауданы аумағында ақпараттық және байланыс саласындағы қылмыстардың алдын алу, сондай-ақ ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жасалатын өзге де құқық бұзушылықтарға қарсы күрес бойынша шаралар тиімділігін арттыру бағытында 08-14 қараша аралығында «HI-tech» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.

"HI-Tech" Жедел-профилактикалық іс-шарасы кезеңінде, Индер ауданы аумағында Интернет-алаяқтықтың алдын-алу мақсатында, ауданымыздың Көктем орта мектебі алдына және Есбол ауылының Бахитов пен Тайманов көшесінің қиылысында Индер ауданы полиция бөлімінің Криминалдық полиция бөлімімен Халыққа ескерту, алаяқтық қылмыстарын болдырмау мақсатында Банер ілінгендігін қаперлеріңізге береміз! Индер ауданы Полиция бөлімінің Криминалдық полиция бөлімшесі ЕСКЕРТЕДІ !!! Интернет саласындағы құқық бұзушылық қылмыстардың алдын алу мақсатында Индер ауданының тұрғындарына ескерте отырып, сақ болуға шақырамыз!!! Аудан тұрғындарына Сізге қатысты Интернет-алаяқтық жасалған кезде немесе алаяқтық қылмысының құрбаны болу фактісі орын алған жағдайда тез арада Индер ауданы полиция бөлімінің Криминалдық полиция бөлімшесіне жүгініңіз немесе 102, 8 (71234) 2 31 36, 8 (71234)2 31 32 байланыс телефондарына хабарласыңыздар!!!

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521