ИНДЕРЛІКТЕР ДЕ МЕМЛЕКЕТ ҚОЛДАУЫН СЕЗІНІП ОТЫР

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВТЫҢ ЖОЛДАУЛАРЫНАН ТУЫНДАҒАН МІНДЕТТЕРДІҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ АСА МАҢЫЗДЫ. ӨЙТКЕНІ ЖОЛДАУДА АТАП КӨРСЕТІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫН ДАМЫТУДАН БӨЛЕК, ХАЛЫҚТЫҢ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ЖАҚСАРУЫН ДА КӨЗДЕЙДІ. СОЛАРДЫҢ ІШІНДЕ МҮГЕДЕКТЕРДІҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ӨМІР СҮРУ САПАСЫН ЖАҚСАРТУ АРҚЫЛЫ ОЛАРҒА КЕДЕРГІСІЗ ОРТАНЫ ҚҰРУ – МЕМЛЕКЕТТІК САЯСАТТЫҢ БАСЫМ БАҒЫТТАРЫНЫҢ БІРІ. БӨЛІМ ДӘЛ ОСЫ МӘСЕЛЕМЕН ТІКЕЛЕЙ АЙНАЛЫСЫП ОТЫРҒАНДЫҚТАН ОЛАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІН КӨТЕРЕТІН БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ БАЯНДЫ ЖҮЗЕГЕ АСУЫНА МҮДДЕЛІ.

Қазіргі таңда ауданда 1543 мүмкіндігі шектеулі жан болса, оның ішінде І топта – 299, ІІ топта – 454, ІІІ топта 589, бала жастан мүгедек 201 адам бар. Өкінішке қарай мүгедектер саны былтырғы жылмен салыстырғанда 19 жанға көбейіп отыр. Бүгінде аудан көлемінде 23 мүмкіндігі шектеулі балаларға және 84 жалғызбасты қарттар мен мүгедектерге 8 түрлі әлеуметтік қызмет көрсетіліп келеді. Кент, ауылдық округтерде 23 әлеуметтік қызметкер аталған санаттағы адамдарға өмір сүру сапасын жақсарту, олардың әлеуетін ашу, белсенді қоғамдық өмірге бейімдеу бағытындағы жұмыстарды ұдайы ұйымдастыруда.

Соңғы жылдары ҚР Еңбек министрінің ақпараттық жүйелерін цифрландыру шеңберінде мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың техникалық құралдарымен және қызметтерімен қамтамасыз ету «Әлеуметтік қызметтер порталы» арқылы іске асырылуда. Мәселен, қаңтар- маусым айларында 679 адам оңалту бағдарламасына сәйкес қажетті шаралармен қамтылу тиіс болса, оның 383-і осы порталға жіберіліп, шаралармен қамтылуы 56,4 пайызға орындалды. Себебі 231- інің шипажай таңдау уақыттары келмеген. Мүгедектерді инватаксимен қамтамасыз ету бағытында жұмыстар жүргізілуде. Бүгінгі күні аудан бойынша инватакси қызметі тағайындалған мүгедектер саны 47 адамды құраса, оларға 5 инватакси қызмет етуде.

Мүмкіндігі шектеулі жандар – үнемі біздің назарымызда. Былтыр бюджет есебінен атаулы күндерге орай 1524 мүмкіндігі шектеулі жанның әрқайсысына 77,0 мың теңге және бала мүгедегіне 104,0 мың теңгеден, барлығы 129,4 млн. теңгеге, 11 мүгедекке 407,0 мың теңге көлемінде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетілді. Мұндай жандарды жұмыспен қамту да мүмкіндігіне қарай жүзеге асуда. Қазіргі уақытта мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің келесі шаралары қарастырылған: *халықты жұмыспен қамту қызметтері арқылы делдалдық қызметтерді көрсету; *квота және мамандандырылған жұмыс орындарын құру; *сұранысқа ие дағдыларды қысқа мерзімді оқыту бағдарламалары; *мүгедектерге басымдылықпен субсидияланатын жұмыс орында- рын қамтамасыз ету.

Осы негізде биыл 53 мүмкіндігі шектеулі жан жұмыспен қамту шарасымен қамтылды, оның ішінде 9-ы тұрақты жұмыспен, 2-і әлеуметтік жұмыс орнына, 22-і ақылы қоғамдық жұмысқа, 3-і «Жастар тәжірибесіне» жолдан- са, 8-і «Бастау-Бизнес» жобасы арқылы оқуға жолданды. Сонымен қатар І-ІІ топтағы 2 мүгедекке арнайы жұмыс орны құрылса, ІІІ топтағы 7 мүгедек «Күміс жобасы» бағдарламасымен жұмысқа орналастырылды.

Бұған қосымша мүгедектерді демеушілік бағытында қолдау мақсатында жұмыстар жүргізілуде. Аудан көлеміндегі кәсіпкерлердің қолдауымен 36 мүмкіндігі шектеулі балаға 635,0 мың теңге көлемінде ойыншық, азық-түліктер таратылды, І-ІІ топтағы 25 мүгедекке азық-түлік үлестірілді. Мемлекет мүмкіндігі шектеулі жандарды баспанамен қамтамасыз етуде де барынша қолдау көрсетуде. Айталық, былтыр 21 адам тұрғын үймен қамтамасыз етілгені сөзімізге дәлел. Жалпы қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде 154 адам мүгедектер санатында кезекте тұр.

Т.ҚАРАШОЛАҚОВА,

аудандық жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдардамадар бөлімінің маманы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT