Индерлік Жұлдызай 100 мың теңгелік бонусты жеңіп алды

5-11 сынып оқушылары Kundelik.kz электрондық күнделікке қойылған үздік бағалар үшін бонустар ала алады. Бұл ата-ана үшін де, бала үшін де көптеген артықшылықтарға ие. Бұл оқушының қаржылық сауаттылығын дамытуға үлес қосады.
Осы айдың қорытындысы бойынша Әл-Фараби атындағы Binom мектеп-лицейінде 6 сынып оқушысы, индерлік Жұлдызай Төлеш ең көп максималды баллдық формативті бағалары үшін 100 000 теңгелік бонусты ұтысқа ие болды.
Ұтысты аудан әкімінің орынбасары Артур Мурзин мен "Қазақстан Халық Банкі" АҚ, Индер аудандық бөлімшесінің басшысы Тазагүл Жұматаева табыстады. 


– Қазір білімділердің заманы. Жақсы оқып, бос уақытты тиімді пайдаланып, әр кезеңді ұтымды игеру керек. Бұл оқушыларға берілген мүмкіндік. Әрдайым оқуда озат бол!, - деді Артур Мурзин.


"Қазақстан Халық Банкі" АҚ, Индер аудандық бөлімшесінің басшысы Тазагүл Жұматаеваның айтуынша, бұл жоба Халық банкте өткен жылы бастау алған. Яғни 1 айда 10 баллды 10 рет және одан да көп алса  ай сайын 10 оқушы осы 100 000 бонустың жеңімпазы атанады.


– Kundelik.kz жүйесі аудан мектептерінде 2016 жылдан бастап қолданылады. Б.Нысанбаев атындағы орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі Нұрсұлу Тлекованың сыныбында оқыған.  Оқушымыз бен ата-анасын құттықтаймыз, - деді аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі Гүлайым Жаңбырбаева. 
Жұлдызай көктоғайлық Ұлан Махуов пен Жарқынай Сүндетованың тұңғышы. Бастауышты ауылдағы Б.Нысанбаев атындағы орта мектепте оқып, 5 сыныптан бастап қаладағы Әл-Фараби атындағы Binom мектеп-лицейінде білім алуда. 
Оқуда озат оқушы бұл білім алуға деген мотивация секілді дейді.

Ж.НАРИМАНОВА

суреттер автордікі

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT