Биылғы жыл – Жұмысшы маман жылы деп жариялануы бекер емес. Өйткені ел дамуының, өңір өркендеуінің басты қозғаушы күші – өз ісіне адал, еңбекқор жандар. Осындай іскер азаматтардың қатарында Индер ауданының жас кәсіпкері Сағындықова Зарина да бар.
Мансап орталығының қолдауымен 1 572 800 теңге көлеміндегі қайтарымсыз грант ұтып алып, ол өз ісін бастап, қолөнер бұйымдарын жасайтын цех жұмысын жолға қойды. Қолымен жасаған әр туындысы – еңбектің, талпыныстың және табандылықтың нәтижесі.
Мұндай мысалдар жастарға үлкен үлгі. Себебі еңбек еткен адам ғана нәтижеге жетеді.
Жұмысшы мамандардың беделін арттыру – қоғам дамуының кепілі.
Заринадай жас кәсіпкерлердің көбейе беруі – ауданымыздың экономикалық қуатының арта түскенін көрсетеді.
Еңбекқор жандарға сәттілік, кәсіптеріне береке тілейміз!
"Дендер" Ақпарат