Индерлік студент грантқа ие болды

Пандемияның салдарынан орын алған қиындықтар көп балалы отбасылар үшін оңай соқпай отырғаны белгілі. Әсіресе жоғары оқу орындарында оқитын студенттер үшін оқу ақысын төлеу мәселесі көп қиындықтың біреуі ғана.

Солардың бірі индерборлық Мейірхан Құлжанов үшін студенттік өмір онлайн жағдайда басталып отыр. Облыс орталығындағы жоғары оқу орындарының біріне қабылданған жас оқу ақысын төлеуден босатылды. Өйткені ол оқу орны ректорының арнайы грантына ие болды.

-Мен биыл «Көктем» қазақ орта мектебін бітіріп, Атыраудағы Сафи Өтебаев атындағы мұнай-газ университетінің ақылы бөліміне оқуға түстім. Алайда, қаржылық әлеуетім оқу ақысын төлеуді көтермейді екен. Уайымға салынып жүргенде сүйінші хабар жетіп, ректордың грантына ие болғанымды білдім. Бұған жергілікті әкімдіктің де ықпалы болған екен. Баршасына алғысым шексіз, - дейді студент Мейірхан Құлжанов.

Мұнай өндірімесе де жерасты кен байлығымен атағы алысқа кеткен Дендердің түлегі болашақта білікті маманы болып шығуға бекініп-ақ отыр. Жалпы аудан бойынша 3 студентке осындай грант бөлінген екен.

К.СҰҢҚАР

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521